Компания туралы

Қазақстан Республикасының металл бұйымдары нарығында біздің кәсіпорын 1999 жылдан бастап  жұмыс істеп келеді, осы уақыт ішінде біз металдың сенімді жеткізушісі мен өңдеушісі беделіне ие болдық.

Бүгінгі таңда компания «АрселорМиттал Теміртау» АҚ,  «Магнитогорский Металлургический Комбинат» ААҚ, «Западно-Сибирский Металлургический Комбинат» ААҚ және «Набережночелнинский Трубный Завод «ТЭМ-ПО» ЖАҚ сияқты металлургия алыптарының ресми дилері болып табылады. Бұған қоса, біз Қазақстан Республикасындағы, Ресей Федерациясындағы және Украинадағы ірі өндіруші зауыттармен тікелей келісім-шарттардың иесі болып табыламыз.

Компаниямыздың алға қойған мақсаты — Қазақстандағы ең табысты металл трейдері болу. Белсенді дамып, әрдайым қызметіміздің сапасын жақсартып, әрі компаниямыздың өсуіне инвестиция сала отырып, біз клиенттеріміз бен серіктестеріміздің үмітін ақтауға тырысамыз.

Компания қызметінің сәттілігі келесілермен айқындалады:

  • Тұтынушыға қызмет көрсетудің сапасы мен жылдамдығы арттырылады — қазіргі сәтте штатымызда 100-ден астам тәжірибелі қызметкерлер бар, олар клиентке дербес техникалық кеңес береді, сонымен бірге, әрекеттегі жеңілдіктер жүйесін түсіндіреді және жөнелтім құжаттарын жылдам рәсімдеуді жүргізеді.
  • Тұтынушыға дербес қызмет көрсетіледі — икемді жеңілдіктер мен төлемдер жүйесі, сонымен қатар 90 күнге дейінгі қамтамасыз етілген және ішінара қамтамасыз етілген тауарлық несиелер көзделген.
  • Өз қоймаларымыз кең сұрыптамадағы өнімдермен уақтылы қамтамасыз етіліп отырады — ай сайынғы жиынтық көлемі 15 000 тоннадан асатын қой- мада металл бұйымдарының 350-ден астам атауы бар.
  • Қызметкерлеріміздің біліктілігін үздіксіз жетілді- ру — ISO 9001:2008 сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алу бойынша үнемі жұмыс жүргізіліп отырады.
  • Филиалдық желіге әрдайым инвестиция салынып отырады — Қазақстанның 4 өңірінде ұсынылған өнді- рістік және қойма алаңдары толығымен жасақталған.
  • Клиенттерге металл бұйымдары өте қысқа мерзімдерде жеткізіледі, құрама теміржол вагондарын жөнелту мүмкіндіктері — мамандандырылған жекеменшік көлік паркі және кедендік қоймасы бар.
  • Өндіруші зауыттардан тікелей жеткізуді жүзеге асыру мүмкіндіктері — 40 000-нан астам транзиттік өтінімдерді іске асыратын транзиттік тапсырыстардың арнайы кеңсесі бар.

Бизнесіміздің басты құрамдас бөлігі клиент екенін біз жақсы ұғынамыз, сондықтан нарықтағы компа- ниялардың ішінде клиентке барынша бағытталған компания болуға ұмтыламыз. Біз үшін клиенттің бірнеше тонна ғана сатып алатын жеке тұлға болуы немесе мыңдаған тонна сатып алатын ірі корпорация болуы маңызды емес, біз әрқашан клиенттің қажеттіліктеріне толығымен назар аударып, сұрыптамамыз бен жұмыс әдісімізді соған бейімдейміз. Компаниямыз бір сәттік табыс үшін ұзақ мерзімді қатынастар тұтастығын құрбан етпейді, өйткені, тұрақ- тылық — клиенттеріміз бен серіктестеріміздің арасын- дағы қарым-қатынасымыздың негізі болып табылады.

 

 

 

Ерекше Күндер:

 

  • 2006 ж. – жабынқыш мырышталған рулондар мен профильді табақтарды қайта өңдеу бойынша желі іске қосылды.
  • 2008 ж. – Теміртау қаласындағы филиалының ашылуы.
  • 2008 ж. – Ақтөбе қаласындағы филиалының ашылуы.
  • 2009 ж. – Қарағанды, Павлодар қалаларындағы филиалдарының ашылуы.
  • 2010 ж. – қабырға және шатыр сендвич-панельдерін өндіру бойынша зауыттың іске қосылуы, минералды мақта жылытқышын жеткізумен және сатумен айналысатын бөлімшенің ашылуы.
  • 2011 ж. – штрипсті ыстық және салқын илемделген рулондарды қайта өңдеу, және кейінҚарағанды қаласында профильдік тұрбалар өндіру бойынша зауыт ашылды.
  • 2015 ж. – Алматы қаласындағы филиалының ашылуы.
Қол жеткізу
  • Image 1
  • Image 1
  • Image 1
  • Image 1
  • Image 1
  • Image 1
  • Image 1
  • Image 1
  • Image 1
  • Image 1
  • Image 1